locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина Бейжіңдегі турнирдегі алғашқы қарсыласын білді

Әлемнің бірінші ракеткасы жеребеге байланысты алғашқы айналымда ойнамайды
Рыбакина Бейжіңдегі турнирдегі алғашқы қарсыласын білді
ФОТО: Getty Images

Бейжіңде (Қытай) өтетін WTA 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне жеребе тартылды. Аталған жарысқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да қатысады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші украиналық Юлия Стародубцеваға (әлемнің 45-ракеткасы) немесе Армения өкілі Алина Чараеваға (118-орын) қарсы ойнайды.

Елена Рыбакина беделді турнирге қатысу үшін Бейжіңге келді

Бұл Елена үшін АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінің арқасында әлемнің бірінші ракеткасы атанғаннан кейінгі алғашқы турнир болады. Жарыстың өтінімдер тізімінің алғашқы бестігіне Беларусь өкілі Арина Соболенко, америкалықтар Джессика Пегула мен Коко Гауфф, ресейлік Мирра Андреева және тағы 48 теннисші енді.

Бейжіңде өтетін WTA 1000 China Open турнирі 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында ұйымдастырылады. Жарыстың жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Турнир жеңімпазы 1 151 380 доллар және рейтингтік 1000 ұпай алады.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаға «Барыс» III дәрежелі орденін табыстаған. Мемлекет басшысы бұл марапатты теннистегі елеулі жетістіктері мен Қазақстанда осы спорт түрін дамытуға және танымал етуге қосқан зор үлесі үшін берді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie