locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Байсуфинов Армениямен матчқа жоспарларын ашып, ұлттық құраманың жас ойыншылары туралы пікір білдірді

6 маусым, сенбі күні Қазақстан және Армения құрамалары арасында жолдастық матч өтеді
ФОТО: KFF

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Ереванда өткен матч алдындағы баспасөз мәслихатында командасының Арменияға қарсы жолдастық кездесуге дайындығы туралы айтып, алдағы матчтарда жас футболшыларға өздерін көрсететін мүмкіндік берілетінін меңзеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Маманның айтуынша, Шымкенттегі оқу-жаттығу жиыны жоспарға сай өткен.

«Оқу-жаттығу жиынын Шымкентте аяқтап, бүгін Ереванға келдік. Шымкент қаласына және стадион қызметкерлеріне алғыс білдіреміз — дайындық өте жақсы, жоспар бойынша өтті», — деді Байсуфинов.

Ұлттық құраманың бапкері алғаш рет шақырту алған ойыншыларға да жеке тоқталды.

«Жастар туралы айтар болсақ, бұл бөлек тақырып. Қазір бұл жігіттерді жас деп те айту қиын. Олар осындай деңгейдегі футбол көрсетіп жүргеніне алғысымыз шексіз. Үлкен, тәжірибелі ойыншылар оларға толық қолдау көрсетуде. Жігіттер ұжымға жақсы бейімделіп, сапалы дайындық өткізуде», — деп атап өтті бапкер.

Байсуфинов жолдастық матчтарда жаттықтырушылар штабы жаңа ойыншыларға ойын тәжірибесін беруді жоспарлап отырғанын растады.

«Ертеңгі және алдағы ойындарда жас футболшыларымыздың өнерін бағалап, оларға алаңға шығуға мүмкіндік беруді жоспарлап отырмыз», — деді маман.

Айта кетейік, маусым айындағы жиынға бірнеше жас футболшы шақыртылған еді, олардың қатарында 18 жастағы «Астана» вингері Максат Абраев пен 19 жастағы «Ордабасы» шабуылшысы Жасұлан Әмір бар. Екі ойыншы да алдағы матчтарда ұлттық құрама сапында дебют жасай алады.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының күзгі матчтарына дайындық аясында Армения және Венгрия құрамаларымен жолдастық кездесулер өткізеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie