locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Төрт жыл қатарынан біреуді жерледім»: Қазақстан құрамасының капитаны өміріндегі ауыр кезең туралы айтып берді

Армениямен болған тең ойыннан кейін Қазақстан құрамасының капитаны жеке трагедиясының оның мансаптық жоспарларына қалай әсер еткенін әңгімеледі
Эксклюзивтер
Адиль Саптаев
Адиль Саптаев
Бас редактор
«Төрт жыл қатарынан біреуді жерледім»: Қазақстан құрамасының капитаны өміріндегі ауыр кезең туралы айтып берді
ФОТО: КФФ

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Армениямен (1:1) тең ойынынан кейін команда Ереваннан жеңіспен оралуды көздегенін, сондай-ақ оның мансабына әсер еткен жеке қиындықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Футболшының айтуынша, Қазақстан құрамасы Арменияға тек үш ұпай үшін барған.

«Жанкүйерлерімізді жеңіспен қуанта алмағанымызға өкініш білдіреміз. Әрдайым Арменияға қонаққа барғанда ойын өте ауыр өтеді. Соңғы екі кездесуде біз жеңіліп қалған едік, бүгін болса тең түстік. Әрине, біз мұнда тек жеңіске жету үшін келдік және келесі кезеңге өтуге барлық мүмкіндік бар екенін түсіндік», – деді Мясникова.

Тең нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының тағдыры топтағы басқа командалардың нәтижелеріне тәуелді болды.

«Өкінішке қарай, қазір бәрі тек бізге байланысты емес. Беларусьтың Армениямен қалай ойнайтынын көретін боламыз. Бұл біз үшін ыңғайсыз жағдай. Бүгін алаңда қолдан келгеннің бәрін жасадық. Енді тек күту ғана қалды», – деп атап өтті капитан.

Футболшы Лигадағы ойындардың жас ойыншылардың өсуіне және халықаралық тәжірибе жинауына септігін тигізетінін ерекше атады.

«Бұрын біз Англия, Франция, Германия сияқты командаларға қарсы ойнап, жеңіске жетуді армандай да алмайтын едік. Қазір біздің жастарымызға өзін көрсетуге, жеңіске жетуге, гол салуға мүмкіндік бар. Жас ойыншылардың дамуы үшін бұл өте маңызды», – дейді ол.

Жаңа клубқа ауысу туралы сұраққа жауап бергенде, Мясникова бұл шешім өміріндегі күрделі жағдайлар аясында қабылданғанын мойындады.

«Мансапты жалғастырудың түрлі жолдары болды. Бірақ мені өсірген атам қайтыс болды. Бұл менің барлық жоспарымды өзгертті. Ресейден алыстау жерде мансабымды жалғастырғым келген, бірақ өмір өз түзетулерін енгізді. Қазір мені тәрбиелеген әжеме қамқор болуым керек», – деді футболшы.

Қазақстан құрамасының капитаны соңғы жылдары бірнеше ауыр қайғыны бастан өткергенін жасырмады.

«Төрт жыл қатарынан өміріңде біреу қайтыс болса, үнемі біреуді жерлеп жүрсең, көптеген нәрсеге мүлде басқаша қарай бастайсың. Өмірлік басымдықтар мен футболға көзқарас өзгереді», – деп ағынан жарылды Мясникова.

Еске сала кетейік, әйелдер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан құрамасы Армениямен 1:1 есебімен тең түсіп, келесі кезеңге шығу үшін күресті жалғастырып жатыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie