locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Данилина Roland Garros жұптық турнирінің финалына өтті: қарсыластары кім?

Финалист қыздар жұбына қарсы статистика қазақстандықтың пайдасында
Данилина Roland Garros жұптық турнирінің финалына өтті: қарсыластары кім?
ФОТО: x.com/WTA

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының жұптық турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жартылай финалда қазақстандық-сербиялық дуэт жапониялық Суко Аояма мен тайваньдық Эн Шуо Лянды екі сетте (7:5, 6:2) жеңіп, финалға жолдама алды. Финалдық кездесу 7 маусым күні түсте өтеді деп жоспарланған. Қарсыластары – чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсенд.

Данилина мен Крунич бұл дуэтпен бұған дейін үш рет кездескен, ал алдағы Roland Garros финалы олардың осы жылы өтетін үшінші кездесуі болмақ.

2026 жылы екі жұп бір-бірін бір реттен ұтты, ал алғашқы кездесу былтырғы Франция ашық чемпионатында өтіп, онда Данилина – Крунич дуэті жеңіске жетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie