locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

УЕФА Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы төрт матч өтетін стадиондарын жариялады

Екі үй ойыны бір стадионда – «Астана Аренада» өтеді
УЕФА Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы төрт матч өтетін стадиондарын жариялады
ФОТО: Getty Images

Қыркүйек айының соңында Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымында алғашқы кездесулерін өткізеді. Алғашқы терезе аясында төрт матч ойналады және олардың қайда өтетіні қазірдің өзінде белгілі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Талғат Байсуфиновтың шәкірттері өз науқанын екі сырт алаңдағы кездесумен бастайды. Алғашқы ойын — Фарер аралдарына қарсы, бұл кездесу 26 қыркүйекте Торсгаундағы «Торсволлур» стадионында өтеді.

Үш күннен кейін Словакия құрамасына қарсы ойын болады, ол Кошице қаласындағы стадионда өтеді. Содан соң екі үй кездесуі кезегі келеді.

Молдоваға қарсы ойын 2 қазанда, ал Фарер аралдарына қарсы қарымта матч 6 қазанда өтеді. Екі кездесу де УЕФА сайтының мәліметінше, «Астана Аренада» өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie