locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Беларусь – Қазақстан матчінің тағдырын екі гол шешті

Қазақстан жастар құрамасы Беларусьтен ұтылды
ФОТО: KFF

Беларусь пен Қазақстан U-21 құрамалары арасындағы жолдастық кездесудің нәтижесін екі гол айқындады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл – екі команданың жоспарланған қос спаррингісінің алғашқысы еді, алайда Қазақстан жастар құрамасы бұл матчта сәтсіз өнер көрсетті. Ойын Беларусьтің Барановичи қаласында өтті.

Қазақстан қақпасына екі жауапсыз гол соғылды, әрі бұл голдар алғашқы 20 минутта-ақ тіркелді. Ойынның 2-минутында алаң иелерінің шабуылшысы Кирилл Цепенков есеп ашты, ал 18-минутта Тимофей Симаненка беларусьтер басымдығын екі еселеп, матчтың соңғы есебін белгіледі – 2:0.

Жастар құрамалары арасындағы екінші жолдастық кездесу 8 маусым күні Минскіде өтеді. Ойын Астана уақытымен 20:00-ге жоспарланған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie