РЕСМИ: «Ливерпуль» маңызды ойыншысын АПЛ-дың басқа клубына сатты
«Тоттенхэм» трансферлік терезе ашылмай тұрып-ақ Эндрю Робертсонның трансферін ресми түрде аяқтады. «Ливерпульдің» ойыншысы енді Солтүстік Лондонға ресми түрде ауысты, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Энди – мен көп жылдан бері тамсанатын футболшы, ол біздің командаға тамаша техникалық шеберлік, тәжірибе, көшбасшылық қасиеттер мен қажырлы мінез-құлық әкеледі», – деп мәлімдеді «шпордың» бас бапкері Роберто Де Зерби жаңа ойыншыға қатысты.
Шотланд қорғаушысы өткен маусымда барлық жарыстарда 36 матч өткізіп, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының нарықтық құны – 10 миллион еуро.
Айта кетейік, кеше «Ливерпуль» жаңа бас бапкерін тағайындағанын ресми жариялады. Испаниялық Андони Ираола Мерсисайд клубының жаңа жаттықтырушысы болып таныстырылды.