locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

АҚШ-тағы матч алдында Өзбекстан құрамасын иттермен тексерді

АҚШ Өзбекстан құрамасын Нидерландпен матч алдында қатаң тексерістен өткізді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
АҚШ-тағы матч алдында Өзбекстан құрамасын иттермен тексерді
ФОТО: Getty images

АҚШ әлем чемпионаты-2026 қарсаңындағы оқиғаларымен жұртты таңғалдыруын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл жолы назар Өзбекстан құрамасына ауды. Нидерландқа қарсы жолдастық матч алдында өзбек футболшылары мен бапкерлер штабы Нью-Йорктегі стадионға кірер кезде күшейтілген тексерістен өтті.

Футболшыларды иттермен тексерді

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап кетті.

Кадрларда қауіпсіздік қызметкерлерінің арнайы қызметтік иттермен бірге Өзбекстан құрамасының ойыншыларын мұқият тексеріп жатқаны көрінеді.

Қосымша тексерістен команданың бас бапкері - аты аңызға айналған италиялық маман Фабио Каннаваро да өтті.

ӘЧ-2026 айналасындағы алғашқы шу емес

Бұл АҚШ-та өтетін алдағы мундиаль төңірегіндегі алғашқы даулы жағдай емес.

Бұған дейін Иран құрамасына ойын күндерінен тыс уақытта АҚШ аумағында болуға шектеу қойылғаны белгілі болған еді. Команда Мексикада орналасып, АҚШ-қа тек матч күндері ғана келетін болды.

Сондай-ақ америкалық билік ӘЧ-2026 турниріне төреші ретінде шақырылған сомалилік арбитр Омар Артанды елге кіргізбей қойған.

Матч қалай аяқталды

Нидерланд пен Өзбекстан арасындағы жолдастық матч еуропалық құраманың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

32-минутта Коди Гакпо пенальтиден есеп ашты. Матч соңында Игорь Сергеев таразы басын теңестіргенімен, 90+8-минутта Гакпо тағы бір пенальтиді дәл орындап, Нидерландқа жеңіс сыйлады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie