locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанның үздік балуаны АҚШ-тағы жекпе-жек алдында көз арбасты

Ризабек Айтмұхан RAF 10 турниріндегі келесі белдесуіне дайындалуда
Басқа спорт түрлері
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қазақстанның үздік балуаны АҚШ-тағы жекпе-жек алдында көз арбасты
ФОТО: olympic.kz

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтетін RAF 10 турнирі алдындағы дәстүрлі көз арбасу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық балуан әлеуметтік желіде алдағы қарсыласы - америкалық спортшы Хейден Зилмермен өткен стердаунның видеосын жариялады.

Айтмұхан үшін бұл Real American Freestyle лигасындағы кезекті кездесу болмақ.

Жеңілістен кейінгі алғашқы мүмкіндік

2026 жылдың сәуір айында қазақстандық балуан RAF лигасында дебют жасап, бірден чемпиондық белбеу үшін күрескен еді. Сол кезде ол Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен кездесіп, 6:12 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Мамыр айының үздік балуаны

Айтмұхан АҚШ-тағы турнирге жоғары қарқынмен келіп отыр. Өткен айда ол жастар арасындағы Азия чемпионатында 125 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды.

Финалда қазақстандық балуан үндістандық Лакиді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

Осы жетістігінің арқасында Біріккен күрес әлемі (UWW) Ризабек Айтмұханды мамыр айының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік еркін күрес балуаны деп таныды.

Айта кетейік, RAF 10 турнирінің басты оқиғасы UFC жұлдызы Хамзат Чимаев пен джиу-джитсу шебері Диллон Дэнис арасындағы жекпе-жек болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie