locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Аустралия – Түркия. Онлайн көру

Командалар АҚШ пен Парагвай бар топтағы алғашқы ойынын өткізеді
Аустралия – Түркия. Онлайн көру
ФОТО: Getty images

14 маусымда Аустралия мен Түркия құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчтарын өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қос команда D тобында өнер көрсетеді. Бұл топта сондай-ақ АҚШ пен Парагвай құрамалары бар. Бұған дейін америкалықтар Парагвайды 4:1 есебімен жеңіп, топ көшбасына айналды.

Әлем чемпионаты қарсаңында Аустралия құрамасы екі жолдастық кездесу өткізді. Алдымен Мексикадан 0:1 есебімен жеңіліп, кейін Швейцариямен 1:1 есебімен тең түсті.

Түркия құрамасы дайындық кезеңін сәтті өткізді. Түріктер Солтүстік Македонияны 4:0 есебімен ойсырата жеңіп, кейін Венесуэланы 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Кездесу Канаданың Ванкувер қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен 09:00-де басталады. Аустралия – Түркия матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie