locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бразилия – Марокко. Онлайн көру

С тобының басты фавориттері турнирдегі алғашқы ойынын өткізеді
Бразилия – Марокко. Онлайн көру
ФОТО: Getty images

14 маусымға қараған түні Бразилия мен Марокко құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчтарын өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қос команда С тобында өнер көрсетеді. Бұл топта сондай-ақ Шотландия мен Гаити құрамалары бар. Сарапшылардың пікірінше, дәл Бразилия мен Марокко плей-офф кезеңіне шығуға басты үміткерлер саналады.

  • Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді.

Мундиаль қарсаңында Бразилия құрамасы екі жолдастық кездесу өткізді. Бразилиялықтар Панаманы 6:2 есебімен ойсырата жеңіп, кейін Мысыр құрамасынан 2:1 есебімен басым түсті.

Марокко да жақсы дайындық көрсетті. Африкалық команда Мадагаскарды 4:0 есебімен жеңіп, кейін Норвегиямен 1:1 есебімен тең түсті.

Бразилия – Марокко кездесуі 14 маусымға қараған түні өтеді. Ойын Астана уақытымен 03:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie