Ресей күнімен құттықтаған Бублик турнир финалына шыға алмады
Әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте тоғызыншы орында тұрған америкалық Тейлор Фрицпен кездесті. Кездесу екі сетке созылып, АҚШ өкілінің пайдасына 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.
ATP 250. Штутгарт (Германия). Жартылай финал
Александр Бублик (Қазақстан) – Тейлор Фриц (АҚШ) – 4:6, 4:6
Жартылай финалға дейін жеткені үшін Бублик 44 070 еуро немесе шамамен 22,7 миллион теңге сыйақы алды. Сонымен қатар оның қоржынына ATP рейтингінің 100 ұпайы қосылды.
Осыған дейінгі кезеңде қазақстандық теннисші Франция өкілі Джованни Мпеши-Перрикарды 7:6, 7:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алған болатын.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Telegram-арнасында Ресей күнімен құттықтау жариялаған еді.
