Нидерланды – Өзбекстан: онлайн көру
Командалар бұған дейін кездескен жоқ
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Федерация футбола Узбекистана
Нидерланды құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының алдында Өзбекстанға қарсы жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл кездесу екі құрама үшін де АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлемдік дода қарсаңындағы соңғы сынақ болмақ.
Құрамалар бұған дейін бір-бірімен кездескен емес.
Екі команда да 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысады
Әлем чемпионатында Нидерланды Жапония, Тунис және Швециямен бір топта ойнайды.
- Матчтың ең жарқын сәттері Telegram-дағы Sports24.kz арнасында live режимінде қолжетімді
Өзбекстан Португалия, Колумбия және ДР Конгомен күш сынасады.
Матчты қайдан көруге болады
Ойын АҚШ-тағы «Айкан Стэдиум» стадионында өтеді. Төрешінің алғашқы ысқырығы Қазақстан уақытымен 23:45-те естіледі. Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.