Англия — Коста-Рика матчының басталуы кейінге шегерілді. Не болды?
Жоспарланған уақытта жолдастық кездесу басталмайды
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
Англия құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастырып жатыр және Коста-Рикаға қарсы жолдастық матч өткізуі тиіс еді, бірақ ойын уақытында басталмайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Sky Sports мәліметінше, матчтың басталуы кемінде 30 минутқа шегерілді. Бастапқыда ойын Қазақстан уақыты бойынша 01:00-де басталуы тиіс болатын, енді алғашқы ысқырық 01:30-дан ерте болмайды деп күтілуде.
Кешігудің себебі — қолайсыз ауа райы: Орландода, матч өтуі тиіс стадионда, нөсер жаңбыр жауды.
Айта кетейік, Томас Тухель шәкірттері үшін бұл кездесу мундиаль алдындағы соңғы сынақ болмақ. 2026 жылғы әлем чемпионатында ағылшындар алғашқы ойынын 17 маусым күні Хорватияға қарсы өткізеді.