ПСЖ «Барселона» жұлдызына Барколаның орнына көз тікті
Францияның ПСЖ клубы трансферлік нарықта белсенділігін арттырып, шабуыл шебіндегі ықтимал өзгерістерге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz
TUTTOmercatoWEB мәліметінше, париждік гранд «Барселона» мен Испания құрамасының вингері Ферран Торреске назар аударуда. ПСЖ басшылығы шабуылдағы негізгі ойыншылардың бірі клубтан кетсе, Торресті жазғы трансферлік терезеде құрамды күшейтудің басым бағыты деп санайды.
Қазіргі уақытта париждік клубтан кетуі мүмкін басты үміткер – жас француз таланты Брэдли Баркола. Дәл осы Барколаның ықтимал кетуі ПСЖ басшылығын жоғары деңгейдегі балама іздеуге мәжбүрлеп отыр.
Торрестің каталондық клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде, алайда «Барселонаның» қаржылық қиындықтары француз клубы жомарт ұсыныс жасаса, мәміленің жасалуына жол ашуы мүмкін.
Айта кетерлігі, осы маусымда испан вингері «Барселона» сапында 49 матч өткізіп, 21 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Transfermarkt дерегі бойынша ойыншының қазіргі құны — 50 миллион еуро.