Царукян, Чимаев және Айтмұхан: АҚШ-тағы RAF 10 турнирін қайдан көруге болады
14 маусым күні АҚШ-тың Миссури штатындағы Сент-Луис қаласында RAF 10 еркін күрес турнирі өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Турнир аясында Қазақстанның әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да белдеседі. Ол америкалық балуан Хейден Зилмерге қарсы шығады.
Айтмұхан үшін бұл Real American Freestyle лигасындағы екінші кездесу болмақ. Еске салсақ, алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық балуан Олимпиада чемпионы Кайл Снайдерге чемпиондық белбеу үшін өткен белдесуде жол берген еді.
Кештің қосалқы басты кездесуінде армян файтері Арман Царукян UFC-дің бұрынғы жұлдызы Тони Фергюсонмен кездеседі.

Ал турнирдің басты оқиғасында БАӘ атынан өнер көрсететін Хамзат Чимаев америкалық Диллон Дэниспен күш сынасады.
Турнирдің басталуы Астана уақытымен шамамен 05:00-ге жоспарланған. Ризабек Айтмұханның белдесуі 06:00-ден кейін, ал кештің қосалқы басты және басты жекпе-жектері 07:00-ден кейін өтеді деп күтілуде.
Турнирдегі барлық белдесулердің тікелей трансляциясы Real American Freestyle Wrestling (RAF) ұйымының ресми YouTube арнасында көрсетіледі.