locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Винисиус әлем чемпионаты қарсаңында батыл мәлімдеме жасады

Бразилия құрамасының көшбасшысы елге футбол қуанышын қайтаруға уәде берді
Винисиус әлем чемпионаты қарсаңында батыл мәлімдеме жасады
ФОТО: Getty images

Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниор 2026 жылғы әлем чемпионаты алдындағы күткен үміттерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Футболшы команда жанкүйерлер алдындағы жауапкершілікті толық сезінетінін және басты жүлде үшін күресуге дайын екенін айтты.

«Біз тарихқа ене алатынымызға күмәнім жоқ. Осы күнге жету үшін ұзақ дайындалдық және бүкіл Бразилия бізді қолдайды деп үміттенемін. Біз жанкүйерлерімізге қуаныш сыйлағымыз келеді», – деді шабуылшы.

Винисиустың айтуынша, команда жанкүйерлердің күту деңгейін жақсы түсінеді.

«Адамдардың бізді әлем чемпионы ретінде көргісі келетінін жақсы білемін. Іріктеу кезеңін сәтсіз бастағандықтан, көпшілік бізді турнирдің басты фавориттері қатарынан алып тастады. Бірақ қазір бәрі нөлден басталады», – деп атап өтті бразилиялық футболшы.

ФОТО: Getty images

Ойыншы қазіргі құрамның үлкен жетістікке жетуге мүмкіндігі бар екеніне сенімді.

«Біз тамаша әлем чемпионатын өткізіп, бүкіл елге қуаныш сыйлай алатынымызға сенеміз. Бразилия әлем чемпионатын бәрінен көп жеңген құрама болғандықтан, біздің мойнымызда үлкен жауапкершілік бар. Бірақ бізде өте ұйымшыл ұжым қалыптасты, әр ойыншы бразилиялық футбол тарихына өз есімін жазу үшін бар күшін салуға дайын», – деп қосты Винисиус.

Еске салайық, Бразилия құрамасы әлем чемпионаты-2026 турниріндегі алғашқы матчын Мароккоға қарсы өткізеді. С тобы аясындағы кездесу 14 маусымға қараған түні өтіп, Астана уақытымен 03:00-де басталады.Матчқа тікелей көрсетілім. Бұл топта сондай-ақ Шотландия мен Гаити құрамалары өнер көрсетеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie