locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстанда Австралия – Түркия матчының нәтижесін болжады

Түркия турнирдегі алғашқы ойынын Австралияға қарсы бастайды
Қазақстанда Австралия – Түркия матчының нәтижесін болжады
ФОТО: Getty images

Қазақстандық спорт журналисі және комментаторы Дидар Есемов Sports24.kz тілшісіне алдағы D тобының бірінші турындағы Австралия мен Түркия құрамалары арасындағы матчқа қатысты өз болжамын айтты.

Матчтың басталу ысқырығы Қазақстан уақытымен 09:00-де естіледі. Кездесу Ванкувердегі «BC Place» стадионында өтеді.

«Түркия құрамасының құрамы жұлдыздарға толы. Жеке-жеке жанкүйер болуға тұрарлық футболшылар бар. Түркия құрамасы мундиальді сенімді жеңіспен бастайды деп сенемін. Арда Туран жарық жұлдыздай көзге түсері анық. Бұдан бөлек, әлем чемпионатына толық қалпына келген Хакан Чалханоғлу керемет формада. Жалпы, Түркия – турнирдің жасырын фавориттерінің бірі және Австралияны екі доп айырмасымен жеңеді деп күтудемін», – деді Дидар Есемов.

Айта кетейік, Түркия құрамасы әлем чемпионатына 24 жылдан кейін алғаш рет қатысып отыр. Түрік футболшылары іріктеу кезеңінде алты рет жеңіске жетіп, тек Испаниямен өткен кездесулерде ғана ұпай жоғалтты. D тобында АҚШ және Парагвай құрамалары да бар. Бұл екі команданың өзара ойыны бұған дейін америкалықтардың 4:1 есебімен айқын жеңісімен аяқталған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie