locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Андерлехт» Алматыға ұшып келуге ерекше дайындалды: Бельгия құрамасының тәжірибесіне жүгінді

Бельгиялықтар Қазақстанға ерте келіп, матчқа тыңғылықты әзірленді
«Андерлехт» Алматыға ұшып келуге ерекше дайындалды: Бельгия құрамасының тәжірибесіне жүгінді
ФОТО: x.com/rscanderlecht
Еуропа Лигасы
20.08.2026, 11.00
Кайрат
-
Андерлехт
-

20 тамыз күні «Қайрат» пен «Андерлехт» Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-оффындағы алғашқы ойынын өткізеді. Қазақстан чемпионының қарсыласы – бельгиялық ұжым ұзақ сапарға аса жауапкершілікпен келді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Андерлехт» командасының Брюссельден Алматыға ұшуы шамамен сегіз сағатқа созылды, және бельгиялықтар УЕФА ережелерінде көрсетілгендей ойынға бір күн қалғанда емес, екі күн бұрын, яғни 18 тамыз, сейсенбі күні Астана уақытымен 23:00 шамасында қалаға келіп үлгерді.

walfoot.be порталының мәліметінше, «Андерлехт» Бельгия құрамасының жуырда АҚШ-қа жасаған ұзақ сапарынан алған тәжірибесін қолданды: ұшақта ұйықтауға көмектесетін арнайы көзілдіріктер, аяқтағы ауырлықты болдырмайтын компрессиялық гольфылар, еңкейтілетін орындықтар мен эргономикалық жастықтар дайындалған.

Алматыға ертерек келген клуб аспазы да ойыншылардың Қазақстанға келгенде өзін жайлы сезінуіне жағдай жасады. Сондай-ақ, бельгиялық делегация орналасатын қонақүй аса мұқият таңдалып алынды.

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Андерлехт» арасындағы алғашқы матч 20 тамыз күні Астана уақытымен 20:00-де өтеді. Бұл ойынның кім төрелік ететіні де белгілі болды – матчтың арбитрі туралы толығырақ осында.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie