locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Төреші тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін шартты жаза алды

Алаңнан тыс болған ауыр оқиға француз төрелігіне көлеңке түсірді
Төреші тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін шартты жаза алды
ФОТО: x.com/leparisiensport

Француз төрешісі тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін шартты жаза алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

L'Équipe мәліметінше, Лига 1 төрешісі Абделатиф Херраджи 19 тамыз, сәрсенбі күні тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі деп танылып, алты ай шартты түрме жазасына кесілді. 40 жастағы төреші 7 тамызда Ним қылмыстық сотының алдында жауап берді.

Үкім бойынша Херраджи үш жыл бойы жәбірленушімен байланысуға тыйым салынып, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы курстан өтуге міндеттелді. Бұл айып төрешінің соттылығы ретінде тіркелмейді.

Прокурор әлдеқайда қатаң жаза — он сегіз ай шартты түрме жазасын сұраған болатын. Тыңдау барысында Херраджи тағылған айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарып, өзін қорғау мақсатында ғана әрекет еткенін айтты.

Төрешінің кәсіби болашағы әзірге белгісіз күйде тұр. L'Équipe басылымы Херраджи сот алдында басшылығымен кездесіп, жағдайды түсіндіргенін, енді футбол билігі оған қосымша тәртіптік жаза қолдану-қолданбауды шешетінін жазады.

Айта кету керек, Херраджи 40 жаста және соңғы екі маусымда Лига 1-де бас төреші қызметін атқарған.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie