locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сапар ұзаққа созылады: «Қайраттың» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды

Алматылықтар «Андерлехтпен» алғаш рет кездеседі
Сапар ұзаққа созылады: «Қайраттың» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды
ФОТО: ФК Кайрат

Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф іріктеу кезеңіндегі қарсыласын білді — бұл бельгиялық «Андерлехт», деп хабарлайды Sports24.kz.

Бельгияның алып клубы үшінші іріктеу кезеңінде гректің ПАОК командасынан басым түсті: алғашқы ойында қарсыласын 1:0 есебімен ұтып, өз алаңында да сенімді ойын көрсетіп, 3:2 нәтижесімен жеңіске жетті. Қос кездесу қорытындысы бойынша «Андерлехт» ПАОК-ты 4:2 есебімен жеңді және енді дәл осы команда «Қайратқа» қарсылас атанады.

Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту құқығы үшін матчтар 20 және 27 тамызда өтеді. Бірінші ойын Алматыдағы Орталық стадионда, ал қарымта кездесу — Андерлехттегі «Лотто Парк» стадионында өтеді. Матчтардың басталу уақыты кейінірек УЕФА тарапынан хабарланады.

Айта кетейік, бұл жұптың жеңімпазы Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алса, жеңілген команда Конференциялар лигасының дәл сол сатысында өнер көрсетеді.

«Қайрат» тарихында бельгиялық клубпен тек бір рет кездескен — өткен маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Брюгге» ұжымымен ойнап, Рафаэль Уразбахтин шәкірттері өз алаңында 1:4 есебімен ұтылған еді.

«Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Левскиден» екі матч қорытындысы бойынша 0:2 есебімен ұтылған соң, Еуропа лигасына өтті.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie