Суперкомпьютер «Қайраттың» «Андерлехтпен» өтетін матчтардағы мүмкіндігін бағалады
Еуропа лигасының іріктеу плей-офф кезеңінде «Қайрат» бельгиялық «Андерлехтпен» жолықпақ, ал суперкомпьютер бұл қарсыластықтағы командалардың мүмкіндігін салыстырып үлгерді, деп хабарлайды Sports24.kz.
FMD суперкомпьютері екінші деңгейлі еурокубоктың негізгі кезеңіне шығу үшін өткен кездесуде фаворит ретінде «Андерлехтті» таңдады: бельгиялық командаға 64% мүмкіндік берілсе, алматылықтарға небәрі 36% бұйырды.
Сарапшылар әр матчтың нәтижесін де болжауға тырысты. Алматыда өтетін алғашқы ойында «Қайраттың» жеңіске жету ықтималдығы 31% болса, «Андерлехттікі» – 44%. Қалған 25% ойын тең аяқталады деп көрсетілген.
Бельгияда өтетін қарымта кездесуде суперкомпьютер «Қайратқа» мүлдем мүмкіндік бермейді деуге болады: «Андерлехттің» жеңісі – 60%, тең ойын – 22%, ал алматылықтардың жеңісі – небәрі 19%. Осылайша, 64% ықтималдықпен алматылықтар күзде Конференциялар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетеді.
Айта кетейік, соңғы ақпаратқа сәйкес, «Андерлехтпен» матчтарда Александр Мартыновичтің алаңға шығуы екіталай, ол өкпенің қабынуынан айығып жатыр. Ойындар 20 және 27 тамызда өтеді.
