ПСЖ — «Ренн» матчы кейінге шегерілді: себебі белгілі болды
23 тамызда ПСЖ Лига 1 маусымын «Реннге» қарсы өз алаңында ашуы керек еді. Алайда, Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы өз жанкүйерлерінің алдында өнер көрсете алмайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матчқа төрт күн қалғанда «Парк де Пренс» стадионының алаңының жағдайы жанкүйерлерді шошытты — оның фотосуреттері мен видеолары әлеуметтік желілерде вирустық сипат алды. Сол пікірге арнайы комиссия да келіп, париждік команданың алаңын тексеріп, газонның жағдайы ойыншылардың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын мәлімдеді.
- Сондай-ақ оқыңыз: Франция Суперкубогындағы сенсация: неге ПСЖ «Ланспен» ойында жеңілді?
Нәтижесінде матчты «Парк де Пренсте» де, ПСЖ-ның резервтік стадионында да өткізу мүмкін болмады. Бұл жағдайда «Ренн» көмек қолын созып, ойындардың кезегін ауыстыруға келісіп, 23 тамыз күні Астана уақытымен 23:45-те өз алаңында матчты қабылдауға дайын екенін білдірді.
Осылайша, ПСЖ маусымдағы алғашқы үй матчын 5 қыркүйекке қараған түні «Монакоға» қарсы өткізеді, кейін екі сырт алаңдағы ойынға аттанады: «Брестпен» және әйгілі «Ле Классикте» Марсельдің «Олимпик» командасымен кездеседі.