locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қолда кеткен жеңіс: Покатилов ойнаған «Сабах» Чемпиондар лигасы плей-оффының алғашқы матчында «Хапоэльге» жол берді

«Сабах» есепті тез ашты, бірақ Израиль чемпионы басымдықты өз пайдасына аударды
Қолдан берілген жеңіс: Покатилов ойнаған «Сабах» ЛЧ плей-оффының алғашқы матчында «Хапоэльге» жол берді
ФОТО: instagram.com/sabahfc
Чемпиондар Лигасы
19.08.2026, Аяқт.
Хапоэль Беэр-Шева
2
Сабах
1

Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов қорғаған «Сабах» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің алғашқы матчында Беэр-Шеваның «Хапоэліне» есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бухаресттегі матчтың басы Әзербайжан чемпионы үшін сәтті өтті: Тимотеуш Пухачтың айып алаңына асырған добына командасының басты сұрмергені Велийко Симич бірінші болып жетіп, есеп ашты. Алайда, шартты алаң иелері бірінші таймның соңына таман Покатилов қақпасына өте оғаш гол соғып, есепті теңестірді.

Одан кейін «Сабах» Израиль чемпионының қақпасына қысымын жалғастырып, екінші голды соғуға жақын болды, бірақ Пухачтың соққысын «Хапоэльдің» қақпашысы қайтарды. 88-минутта тағы бір қауіпті сәт туындап, Покатиловты айып алаңының ортасына шығуға мәжбүрледі.

Қазақстан құрамасының қақпашысы сол сәтте де допты қайтарды, бірақ қақпасын ашық қалдырды. Абырой болғанда, оның әріптестері қауіптің бетін қайтарды.

Нәтижесінде — «Хапоэльдің» 2:1 есебіндегі жеңісі, бірақ бұл нәтиже Израиль чемпионына әлі ештеңе кепілдік бермейді. «Сабах» бұған дейін де сырт алаңда «Орхусқа» 1:2 есебімен жол беріп, өз алаңында қарсыласын 4:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Сондықтан, шешуші кездесу 25 тамыз күні сағат 21:45-те (Астана уақытымен) Бакудегі Тофик Бахрамов атындағы стадионда өтеді.

Футбол. Чемпиондар лигасы, плей-офф кезеңі, бірінші матч

«Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль) — «Сабах» (Әзербайжан) — 2:1

Голдар: Ист, 43, Златанович, 79 — Симич, 6

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie