«Қайраттың» Конференция лигасында «Аталантаға» қарсы ойнайтын негізгі құрамы белгілі болды
Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда Италияның «Аталанта» клубымен өтетін сырт алаңдағы матчқа негізгі құрамын анықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу 5 қарашада Италияның Бергамо қаласында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 22:45-те басталады. Матчтың тікелей трансляциясы.
Командалардың негізгі құрамдары:
«Аталанта»: Карнесекки, Иделе, Скальвини, Обрич, Бернаскони, Эльмас, Пашалич, Сулемана, Самарджич, Роу, Скамакка.
«Қайрат»: Анарбеков, Мата, Қасабулат, Мартынович, Широбоков, Мрынский, Оксанен, Мендонса, Тұяқбаев, Эдмилсон, Гуаль.
Үшінші тур қарсаңында «Аталанта» үш ұпаймен жалпы турнирлік кестеде 15-орында тұр. Ал бір ұпай жинаған «Қайрат» 31-сатыға жайғасқан.
Алматылық клуб Конференция лигасындағы алғашқы кездесуінде Латвияның «Рига» командасымен сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті. Екінші турда Грекияның «Панатинаикос» клубынан 1:5 есебімен жеңілді.
Ал «Аталанта» турнирді Кипрдің «Пафос» командасын 3:1 есебімен жеңуден бастады. Алайда келесі кездесуде Амстердамның «Аякс» клубына 0:2 есебімен жол берді.
Конференция лигасының төртінші туры 26 қарашада өтеді. Бұл күні «Қайрат» өз алаңында Швецияның «Мьельбю» клубын қабылдаса, «Аталанта» Босния және Герцеговинаның «Борац» командасымен сырт алаңда кездеседі.