locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Оларда суық қару болған»: «Тобыл» футболшысы Қостанайдағы шабуыл туралы айтып берді

Қостанай клубының француз қорғаушысы Папе-Альюн Ндиайе полиция араласқан қауіпті оқиғаға қатысты алғаш рет егжей-тегжейлі пікір білдірді.
Футбол
Фото: Тобыл

Қостанайдың «Тобыл» клубының қорғаушысы Папе-Альюн Ндиайе өзіне суық қарумен қоқан-лоқы көрсетілген жанжал туралы айтып берді. Оқиға 1 қарашада Қостанайдағы тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде болған, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, 28 жастағы француз футболшысы 2007 жылы туған екі жас жігітпен сөзге келіп қалған. Қарсыластары спортшыға пышақпен қоқан-лоқы көрсеткені хабарланды. Қауіпті жағдайға қарамастан, зардап шеккендер болған жоқ.

Кейін Ндиайе болған жайтқа әлеуметтік желіде түсініктеме беріп, жанкүйерлерін денсаулығына еш қауіп төніп тұрмағанына сендірді.

«Әлхамдулиллаһ. Оларда суық қару болғанына қарамастан, менде бәрі жақсы. Дәуреннің (Ниязбаев) мызғымас қолдауының арқасында ешқандай жарақат алған жоқпын. Сондай-ақ жағдайды кейін бақылауына алған Қостанай полициясына алғысымды білдіремін», — деді футболшы.

Болған жағдайға «Тобыл» футбол клубы да пікір білдірді. Қостанай командасының өкілдері жанжал фактісін растады. Олар оқиғаның тұрмыстық сипатта болғанын және көршілер арасында туындағанын атап өтті.

Клубтың мәліметінше, тараптар келіспеушілікті бейбіт жолмен реттеп, енді бір-біріне ешқандай талабы жоқ. Ндиайе мен оның отбасы мүшелерінің жағдайы қауіпсіз.

Қостанай облысы полиция департаменті де жағдайға түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары жанжал фактісін тіркеп, жанжал шығарушыға ұсақ бұзақылық туралы бап бойынша әкімшілік іс қозғады. Материалдар соттың қарауына жолданды.

Айта кетейік, Папе-Альюн Ндиайе «Тобыл» сапында 2024 жылдың ақпанынан бері өнер көрсетіп келеді. Бойы 203 сантиметр болатын француз қорғаушысы Қазақстан Премьер-лигасындағы ең бойшаң футболшылардың бірі саналады. 2026 жылғы маусымда ол ел чемпионатында 25 матч өткізді.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie