locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Құламбаева Үндістандағы WTA 250 турнирінің ширек финалына бір қадам қалғанда тоқтады

Матч барынша ұзақ үш сетке созылып, Құламбаеваның 6:4, 4:6, 5:7 есебімен жеңілуімен аяқталды
Теннис
ФОТО: КТФ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің екінші айналымындағы матчта жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлемдік рейтингте 473-орында тұрған және іріктеу кезеңі арқылы негізгі кезеңге жолдама алған спортшы 1/8 финалда әлемнің 160-ракеткасы, жапониялық Маи Хонтамамен кездесті.

Матч барынша ұзақ үш сетке созылып, Құламбаеваның 6:4, 4:6, 5:7 есебімен жеңілуімен аяқталды. Теннисшілер кортта 3 сағат 16 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Жібек бірде-бір эйс жасамады, жеті рет қос қателік жіберіп, өзі алған 17 брейк-пойнттың сегізін пайдаланды.

Осылайша, Құламбаева ширек финалға бір қадам қалғанда жарысты аяқтады. Айта кетейік, бұл қазақстандық теннисші үшін тарихи нәтиже. Бұған дейін ол мансабында WTA 250 санатындағы турнирлердің жекелей сында бірінші айналымнан әрі аса алмаған еді.

Жібек Үндістандағы турнирдегі өнерін жұптық сында жалғастырады. Ол австралиялық Габриэлла Да Силва Фикпен бірге жарыстың жартылай финалына шығу үшін таласады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie