«Қайрат» Дастан Сатпаевпен әдемі қоштасты
«Қайрат» «Қызылжармен» ойын алдында өзінің көшбасшысы Дастан Сатпаевпен әдемі қоштасты. Бұл оның туған клубындағы соңғы матчы, деп хабарлайды Sports24.kz.
КПЛ-дің 17-турынан кейінге шегерілген кездесудің алдында «Қайраттың» бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев футболшыға 58-нөмірлі естелік жейдені рамкада табыстады. Дәл осы матчтан кейін Сатпаев бірінші команда сапында барлығы 58 ойын өткізген болып, «Челсиға» ауысады.
Қазақстан құрамасының вундеркинді алматылықтар сапындағы 57 өткен кездесуде 24 гол мен 10 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, дәл қазір «Қайраттың» вингері алматылық жанкүйерлерімен қоштасып жатыр, себебі Рафаэль Уразбахтин оны старттық құрамға енгізді.
Сондай-ақ жанкүйерлер сүйікті ойыншыларын баннерлер және ұрандармен салтанатты түрде шығарып салды.