locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Даулы шешім Аққалықовты өзбек боксшысын жеңу мүмкіндігінен айырды

Аққалықов өзбек боксшысына есе жіберіп, Әлем кубогындағы жарысын аяқтады
Видео: Даулы шешім Аққалықовты өзбек боксшысын жеңу мүмкіндігінен айырды
ФОТО: KBF

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңінде қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов жарысты аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалдық кездесуде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Өзбекстан өкілі Жавохир Умматалиевпен қолғап түйістірді.

Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте екінші раундта төреші Аққалықовқа нокдаун санады. Соған қарамастан қазақстандық боксшы кездесуді соңына дейін жалғастырып, қарсыласына лайықты қарсылық көрсетті.

Алайда төрешілердің шешімі бойынша жеңіс 3:2 есебімен Умматалиевке берілді. Осылайша өзбекстандық боксшы ширек финалға жолдама алса, Аққалықов турнирдегі өнерін аяқтады.

Еске салайық, Сабыржан Аққалықов жарысты 1/16 финалда Қытай боксшысы Хяобао Вангты 5:0 есебімен айқын жеңуден бастаған болатын. Қазақстандық спортшы сол кездесуде қарсыласына еш мүмкіндік бермей, келесі кезеңге сенімді түрде өткен еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie