«Қайрат» - «Қызылжар». Онлайн қараңыз
Бұл Дастан Сатпаевтың «сары-қаралардағы» қоштасу матчы
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
фото: ФК "Кайрат"
17 маусым кешке «Қайрат» Кәсіпқой футбол лигасының кейінге шегерілген 17-турында «Қызылжармен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойын Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді. Кездесудің басталу ысқырығы 19:00-де естіледі. Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында қолжетімді болады.
Айта кетейік, бұл матч Дастан Сатпаевтың алматылықтар сапындағы соңғы ойыны болмақ – қазақстандық футболшы Еуропаны бағындыруға аттанады.
Еске сала кетейік, лондондық клуб Сатпаевтың трансферін 2025 жылы ресімдеген болатын. Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, келісім сомасы 3,5 миллион еуроны құрады.