Хаби Алонсо «Челсидің» көшбасшысының сатылуына наразы
Хаби Алонсо «Челсидің» бас бапкері қызметіне енді ғана кіріскен сәтінде-ақ жағымсыз трансферлік жаңалықтарға тап болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Журналист Маттео Мореттоның айтуынша, «Челсидің» жаңа бас бапкері Марк Кукурельяның «Реал Мадридке» сатылуы туралы келіссөздерден хабарсыз болған. Испаниялық бапкер бұл ауысымды X әлеуметтік желісінде инсайдер Фабрицио Романоның жазбасынан ғана білгені айтылып отыр.
«Зейнеткерлердің» жаңа бас жаттықтырушысы бұл жағдайды жақтырмағаны атап өтілді.
27 жастағы қорғаушы Лондон клубының негізгі ойыншыларының бірі саналып, оның кетуі Алонсо үшін нағыз тосынсый болды. 2025/26 маусымында ол 50 матчқа қатысып, бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. Ал оның «Реалға» ауысуына мадридтіктер 55 миллион еуро жұмсады.