locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жуков «Ақтөбе» жеңісін КПЛ-дегі Нанидің алғашқы голымен бағалады

Командадағы негізгі футболшылардың бірі «Астанаға» қарсы матч жайлы пікір білдірді
Эксклюзивтер
Темірбеков Самрат
Темірбеков Самрат
Журналист
Жуков «Ақтөбе» жеңісін КПЛ-дегі Нанидің алғашқы голымен бағалады
ФОТО: «Ақтөбе»

«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан премьер-лигасының (КПЛ) 14-турындағы «Астанаға» қарсы командасының жеңісін саралады.

Ақтөбеліктер астаналық қарсыласын құрғақ есеппен – 2:0 есебімен тізе бүктірді. Голдарды португалиялық жартылай қорғаушы Нани мен аргентиналық хавбек Пибе дәл соққыларымен тіркеді. Ойын Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтті.

«Жеңісті толықтай лайықты түрде алдық, бәріміз бірлесіп қажетті нәтиже үшін ойнадық. Өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланып, өте маңызды жеңіске жеттік. Барлығы қуанды деп ойлаймын, бүгін бәріміз жарадық», – деді Георгий Жуков.

«Ақтөбе» енді КПЛ ТОП-5 қатарында

14-тур қорытындысы бойынша «Ақтөбе» Қазақстан премьер-лигасының (КПЛ) турнирлік кестесінде бесінші орынға жайғасты. Клуб 22 ұпай жинап, көшбасшылықты әлі де «Ордабасы» ұстап тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie