ҚПЛ: «Ақтөбе» «Алтайды» қапы қалдырды, «Қайсар» «Каспийден» басым түсті
Қазақстан Премьер-лигасының 13-турын «Ақтөбе» мен «Алтай», сондай-ақ «Қайсар» мен «Каспий» арасындағы кездесулер аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Штефан Таркович баптайтын команда үш тең ойыннан кейін төртінші матчында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Ақтөбеге» үш ұпайды Латурнус пен Ордецтің голдары алып келді, соңғысына Нани нәтижелі пас берді.
«Ақтөбе» қоржынын 19 ұпайға жеткізіп, турнир кестесінде жетінші орында қалды. «Алтай» 15-ші, яғни соңғыдан бір орын жоғарыда.
ҚПЛ, 13-тур
«Ақтөбе» – «Алтай» 2:0
Голдар: Латурнус, 57, Ордец, 71
Бұл уақытта параллель өткен кездесуде «Қайсар» чемпионаттың басты аутсайдері «Каспийді» 2:1 есебімен жеңді. Қызылордалықтарға үш ұпайды дәл көздеген Эзекиель мен пенальтиден гол соққан Агзамбаев сыйлады. Ндомбаси есеп айырмасын қысқартқанымен, алаң иелері таразы басын теңестіре алмады.
Бұл жеңіс «Қайсардың» ҚПЛ турнир кестесінде 12-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. «Каспий» әлі де соңғы орында.
ҚПЛ, 13-тур
«Каспий» – «Қайсар» 1:2
Голдар: Ндомбаси, 85 – Эзекиель, 6, Агзамбаев, 33 (пенальти)