Жантүршігерлік сәт: Венгрия – Қазақстан матчында камера құлады
Бақылау кездесудің бірінші таймында күтпеген оқиға орын алды
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: КФФ
9 маусым кешінде Венгрия және Қазақстан құрамалары жолдастық матч өткізуде, деп хабарлайды Sports24.kz.
Дебреценде өткен бақылау кездесудің бірінші таймында күтпеген оқиға болды: камералардың бірі алаңға құлап түсті. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, ал ойын дереу жалғасты.
Айта кетейік, бірінші таймның қорытындысы бойынша Қазақстан 1:0 есебімен алда келеді. 9-минутта Максим Самородовтың пасынан кейін Сергей Малый алғашқы голды соқты. Жалпы, бірінші таймда Талғат Байсуфиновтің командасы ойын тізгінін толықтай өз қолында ұстады.
Командалардың бастапқы құрамымен осында танысуға болады.