locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Моралесті ме, әлде Гарриді ме: Махачев қалаулы қарсыласын таңдады

UFC жартылай орта салмақтағы чемпионы Моралеске қарсы жекпе-жек өткізгісі келеді
ФОТО: Getty Images

MMA спортшысы Ислам Махачев келесі қалаулы қарсыласын атады, деп хабарлайды Sports24.kz.

UFC жартылай орта салмақтағы чемпионы өзіне қарсы рингке әлі жеңілмеген эквадорлық жартылай орта салмақ өкілі Майкл Моралесті қалайды. Бұл оның мұрасын арттыра түсер еді, өйткені эквадорлық файтер әлі жеңілістің дәмін татып көрмеген.

«Егер Моралеспен немесе Гарримен таңдау керек болса, шынын айтсам, өз атым үшін, өзімнің мұрам үшін Моралесті таңдар едім. Неге? Өйткені ол қазір жеңіліссіз. Ертең Иэн Гарриді жеңсең, жұрт: «Оны Шавкат Рахмонов та бірнеше жекпе-жек бұрын жеңген», — дейді.

Оған қоса, мен Камару Усманды есептен шығармаймын. Оны осы екі жігітке беріңіздер... Менің ойымша, ол оларға оңайлықпен есе жібермейді», — деді Ислам.

Айта кетейік, бұған дейін Махачев не себепті Илией Топуриямен жекпе-жегі болмай қалғанын түсіндірген еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie