locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бірінші тайм сұмдық болды»: Венгрияның Қазақстанды жеңгеніне венгр БАҚ-ының реакциясы

Тартысты ойын жалпы шолушыларды қанағаттандырды
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Бірінші тайм сұмдық болды»: Венгрияның Қазақстанды жеңгеніне венгр БАҚ-ының реакциясы
ФОТО: Getty Images

Қазақстан құрамасы Венгрия құрамасымен жолдастық кездесуде 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Sports24.kz венгриялық басылымдардың алдыңғы беттерін шолып, ұлттық құрамаларының ойынына берілген пікірлерді жинақтады.

Жалпы алғанда, венгр шолушылары өз құрамаларының 2026 жылғы жеңіліссіз сериясын сақтап қалғанына риза болды, дегенмен бұл жолы бұл көрсеткіш үзілудің аз-ақ алдында қалғанын мойындады:

Magyar Nemzet: «Венгрия құрамасы екінші таймда ерекше жақсы ойнады, ал жеңіс одан да тәтті болу үшін қосымша уақытта Раймунд Тот есепті 3:1-ге жеткізді. Әлем чемпионатының іріктеуіндегі сәтсіздіктен кейін Ұлттар лигасының күзгі матчтарын оптимизммен күтуге болады».

Telex: «Жұма күні Финляндияны 2:1 есебімен жеңгеннен кейін, Венгрия футбол құрамасы жолдастық матчта Қазақстанды да 3:1 есебімен тізе бүктірді. Андраш Шафер мансабындағы ең үздік голдарының бірін соқты. Қыркүйекте венгрлерді Ұлттар лигасында Украинаға қарсы ойын күтіп тұр».

Csakfoci: «Ақтық есеп – 3:1. Бұл шиеленісті әрі драмалық матчта Венгрия құрамасы екінші таймда ойынның бағытын түбегейлі өзгертіп, табанды тартыста ақыры Дебреценде лайықты жеңіске жетті. Осылайша, 2026 жылы жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді».

Nemzeti Sport: «Венгрия футбол құрамасы биылғы төртінші ойынында Дебрецендегі «Надьердеи» стадионында Қазақстанды қабылдады. Алғашқы таймда алаң иелері ұтылып жатты, бірақ Доминик Собослаи есепті теңестірді, қонақтар сапынан бір ойыншы алаңнан қуылған соң, Андраш Шафер қуатты гол соқты, ал матч соңында дебютант Раймунд Тот 3:1 қорытынды есебін белгіледі».

Index: «Қиындыққа қарамастан, Венгрия футбол құрамасы биылғы жеңіліссіз сериясын сақтап қалды. Дебрецендегі жолдастық ойында екінші таймдағы керемет ойын арқасында Қазақстанды 3:1 есебімен жеңді. «Надьерде» стадионындағы бірінші тайм сұмдық болды, бірақ үзілістен кейін жағдай оңалды. Андраш Шафер мансабындағы үздік голдарының бірін соғып, жеңісті сыйлады».

Келесі матчтарда командалар Ұлттар лигасы аясында кездеседі: 25 қыркүйекте венгрлер Будапештте Украина құрамасын қабылдайды, ал Қазақстан бір күннен соң Фарер аралдарына қонаққа барады.

Фото: КФФ
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie