ФОТО: әлемдік жұлдыздар АҚШ — Парагвай матчын тамашалады
АҚШ өз алаңындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынында Парагвайды тас-талқан етіп жеңді (4:1), ал бұл кездесуде трибунадан жергілікті жанкүйерлермен бірге әлемдік деңгейдегі тұлғалар қолдау көрсетті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Лос-Анджелесте өткен Маурисио Почеттиноның жетекшілігіндегі құраманың дебюттық кездесуіне көптеген атақты жұлдыздар жиналды.
Трибунадағы жұлдыздар шоғыры
Парагвайдың тас-талқан жеңілісіне тікелей куә болғандардың қатарында актерлер Том Круз, Брэд Питт және Аня Тейлор-Джой, бизнесмен Билл Гейтс, баскетбол аңызы Карим Абдул-Джаббар, бұрынғы футболшы Дэвид Бекхэм, сондай-ақ танымал жұп — Канада экс-премьері Джастин Трюдо мен әнші Кэти Перри болды.
АҚШ-тың алғашқы ойыны қалай өтті?
АҚШ құрамасы Лос-Анджелесте Парагвайды 4:1 есебімен ойсырата жеңді.
Кездесудің басты қаһармандарының бірі Фоларин Балогун болды. Шабуылшы алғашқы таймда дубль жасап, америкалықтарға сенімді басымдық әперді. Сондай-ақ матчта Дамиан Бобадильяның автоголы тіркелді, ал соңында Джованни Рейна нәтижелі соққысымен ерекшеленді. Парагвайлықтар тек екінші таймда ғана жауап голын соға алды.