КПЛ: «Тобыл» «Қызылжарды» тізе бүктірді
Қостанайлықтар матчтың тағдырын үш минут ішінде шешті
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: «Кызылжар»
«Тобыл» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжарын» қабылдап, Қазақстан Премьер-лигасының 13-турында сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойынның бірінші бөлігі голсыз әрі қауіпті сәттерсіз өтті. Ал екінші тайм басында қостанайлықтар үш минут ішінде матчтың тағдырын шешіп, қарсыласының қақпасына екі жауапсыз гол соқты.
Алдымен Урош Милованович Асхат Тағыбергеннің пасын баспен қақпаға тоғытты. Артынша-ақ, Александр Зуев Папе Альюнның пасынан кейін алаң иелерінің басымдығын еселей түсті.
Кездесуде бұдан әрі гол соғылған жоқ. «Тобыл» 12 ұпай жинап, КПЛ турнир кестесінде 12-орынға көтерілді. Ал «Қызылжар» 15 ұпаймен тоғызыншы орында қалды.
КПЛ, 13-тур
«Тобыл» – «Қызылжар» 2:0
Голдар: Милованович, 54, Зуев, 57