locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Винисиус «Реалмен» жаңа келісімшарт туралы сұраққа жауап берді

Бразилиялық шабуылшы әлем чемпионатын жеңіп алуға уәде берді
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images

Қазіргі уақытта Винисиус Жуниор Бразилия құрамасы сапында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына дайындалып жатыр, алайда оның болашағы мен «Реалмен» жаңа келісімшартқа қатысты сұрақтар толастар емес, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ойын алдындағы баспасөз мәслихатында Винисиустан испандық грандпен келісімшарт бойынша келіссөздердің жағдайы туралы сұралды. Алайда бразилиялық шабуылшы бұл тақырыпты әлем чемпионаты өтіп жатқанда талқылағысы келмейтінін анық білдірді.

«“Реалмен” келіссөздерге қатысты барлығын... Бұл туралы маусым соңында немесе келесі маусым басында айтамын. Қазір менің ойым түгелдей әлем чемпионатында», — деп қысқа қайырды Винисиус.

Бразилиялық футболшы сондай-ақ өз күшіне сенетінін, бұл чемпионатта елінің және командаластарының тағдырын өзгерте алатынын айтты.

«Біз мұнда чемпион болу үшін келдік. Біз ұлы ұлттық командалар мен әйгілі клубтардың деңгейіндеміз. Бізде тамаша ойыншылар бар. Соңғы айларда жақсы дамып келеміз. Әлем чемпионатында бәрі нөлден басталады. Соңғы финалға кім шыққаны, Америка кубогын кім жеңгені маңызды емес, бастысы — ертеңнен не болатыны. Біз тарихты өзгертуге, үздік турнир өткізуге келдік», — деп түйіндеді Вини.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie