locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кейн Англия құрамасының тоналуы кейін баспасөз алдында іш киіммен шықты

Англия Хорватиямен матч алдында бутсисіз қалуға шақ қалды
Кейн Англия құрамасының тоналуы кейін баспасөз алдында іш киіммен шықты
ФОТО: Getty Images

«Баварияның» көшбасшысы Харри Кейн Англия құрамасының тоналуынан кейін баспасөз алдында іш киіммен шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.

БАҚ өкілдері Англия құрамасының үздік шабуылшысын командаластарымен бірге тек іш киімде жүрген сәтін түсіріп алды. Айта кетейік, бұған дейін «Үш арыстан» командасы ұрлыққа ұшыраған болатын.

Не болды?

Команданың жабдықтарын Флоридадан Канзас-Сити қаласына жеткізу кезінде, Томас Тухель шәкірттерінің алғашқы жаттығуы қарсаңында ұрлық орын алған.

Хабарланғандай, ұрылар командалық көлікті бұзып, маңызды заттардың көбін алып кеткен. Ұрланғандардың арасында ойыншылардың жеке заттары, сондай-ақ команданың басты жұлдыздары Кейн мен Джуд Беллингэмнің бутсілері болған.

Бұдан бөлек, қылмыскерлер қымбат аналитикалық жабдықтарды, бапкерлік штаб қолданатын тактикалық тақталарды және массаж үстелдерін де алып кеткен. Канзас-Сити құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, екі күдіктіні қолға түсірді.

Күдіктілер ұсталды

Sky Sports мәліметінше, Миссури штатының полициясы «Үш арыстанға» тиесілі жабдықтар мен жаттығу құралдарын ұрлауға қатысты екі адамды тұтқындады. Қазіргі уақытта қылмыстық істің тергеу жұмыстары жалғасуда.

Айта кету керек, Англия құрамасы мундиалдағы алғашқы ойынын 18 маусымға қараған түні, Қазақстан уақытымен 01:00-де өткізеді. «Үш арыстанның» қарсыласы – Хорватия құрамасы.

ФОТО: Sports.ru
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie