Венгрия – Қазақстан матчының құрамдары белгілі: Сатпаев алаңға шыға ма?
Марко Росси мен Талғат Байсуфинов ойынға арналған құрамдарын анықтады
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: kazfootball.kz
9 маусым кешінде Венгрия мен Қазақстан ұлттық құрамалары жолдастық матч өткізеді. Командалардың бұл ойынға қандай құрамда шығатыны анықталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазіргі венгр футболының басты жұлдызы, «Ливерпульдің» көшбасшыларының бірі Доминик Собослай тек негізгі құрамда ғана емес, капитандық таңбасымен алаңға шығады. Қазақстан құрамасының жас таланты Дастан Сатпаев та алғашқы минуттардан бастап ойынға қатысады.
Командалардың құрамдары төмендегідей:
- Венгрияның негізгі құрамы: Тот, Осват, Маркграф, Орбан, Виталиш, Собослаи, Шафер, Стили, Варга, А. Тот, Редзич
- Қазақстанның негізгі құрамы: Анарбеков, Малый, Алипов, Куат, Кенжебек, Самородов, Вороговский, Караман, Сатпаев, Оразов, Мрынский
- Венгрияның қосалқы ойыншылары: Саппано, Яакобишвили, Печи, Чингер, Сюч, Грубер, Ковач, Сюч, Барать, Лукац, Надь, Тот, Сендреи
- Қазақстанның қосалқы ойыншылары: Шаизада, Заруцкий, Аширбек, Касым, Амир, Чесноков, Нурымбет, Муртазаев, Сатанов, Токтыбай, Тапалов, Абраев, Садыбеков, Совет
Дебрецендегі стадионда алғашқы ысқырық 22:00-де естіледі. Қай жерде матчтың тікелей көрсетілімі болатыны белгілі болды.
