Өзбекстан – Колумбия матчындағы үздік ойыншы аталды
Луис Диас бұл мәртебеге ие болды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Шабуылшы Луис Диас 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі 1-турындағы Өзбекстан мен Колумбия құрамалары арасындағы матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу оңтүстік америкалық команданың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Диас бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Өзбекстан мен Колумбиядан бөлек, К тобында Португалия мен ДР Конго құрамалары өнер көрсетеді. Өзбектер 23 маусымда португалдармен кездеседі, ал колумбиялықтар келесі күні африкалықтармен ойнайды.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.