locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакинаның Берлиндегі турнирден қанша табыс тапқаны белгілі болды

Рыбакина Берлиндегі турнирдегі өнері үшін 8,6 миллион теңгеден астам табыс тапты
Елена Рыбакинаның Берлиндегі турнирден қанша табыс тапқаны белгілі болды
ФОТО: Getty images

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдегі өнері үшін 8 миллион теңгеден астам сыйақы алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлемнің екінші ракеткасы және жарыстың екінші нөмірлі теннисшісі атанған қазақстандық спортшы турнирді 1/8 финалдан бастады. Алайда титул үшін күресті жалғастыра алмады. Рыбакина WTA рейтингінде 35-орында тұрған филиппиндік Александра Эалаға жол берді.

Турнирдегі алғашқы матчында жеңілгеніне қарамастан, қазақстандық теннисші жүлдесіз қалған жоқ. Берлиндегі жарыстың 1/8 финалына шыққаны үшін Рыбакина 15 470 еуро көлемінде сыйақы алды. Бұл қазіргі бағам бойынша шамамен 8,6 миллион теңгені құрайды.

Сонымен қатар, әлемнің екінші ракеткасының қоржынына 60 рейтингтік ұпай қосылады. Егер Рыбакина ширек финалға өтіп, турнирдегі жорығын жалғастырғанда, әлдеқайда көп ұпай мен қомақтырақ қаржылай сыйақы үшін таласуға мүмкіндік алар еді.

Бұл Рыбакина үшін қатарынан мерзімінен бұрын аяқталған екінші турнир болды. Бұған дейін ол Лондонда өткен WTA 500 санатындағы жарыста өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жеткенімен, Ұлыбритания өкілі Кэти Бултерге есе жіберген еді.

ФОТО: Getty images
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie