«Тәжірибе – физикадан қымбат»: Дастан Сәтпаев «Кайраттың» «Реалдан» ойсырай жеңілу себебін түсіндірді
Алматының «Кайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда мадридтік «Реалдан» (0:5) ірі есеппен жеңілгеннен кейін әсерімен бөлісті.
«Меніңше, мұнда тек физикалық дайындық қана емес, ең бастысы – халықаралық тәжірибенің жетіспеуі әсер етті. Біз мұндай жоғары деңгейдегі қарсыластармен өте сирек ойнаймыз. Сондықтан әзірге тең дәрежеде бәсекелесу қиын. Бірақ тәжірибе ойыннан ойынға келетін нәрсе», — деді Сәтпаев Qazsport арнасына берген сұхбатында.
Бұл – «Кайраттың» топтық кезеңдегі қатарынан екінші жеңілісі. Бұған дейін Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері Лиссабонда «Спортингке» 1:4 есебімен жол берген еді. «Реалға» қарсы ойында Сәтпаев негізгі құрамда алаңға шығып, 80-минутта ауыстырылды.
Енді алматылықтардың басты назары алдағы ойынға ауысты: 21 қазанда «Кайрат» өз алаңында кипрлік «Пафоспен» кездеседі.
Уразбахтин 0:5-тен кейін: «Реалды» бекер шақырмағанымыз анық.