locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алматыдағы хет-триктен кейін Мбаппе Чемпиондар лигасында аптаның үздік ойыншысы атануы мүмкін

Француз өз ойынымен «Алтын допқа» лайық екенін дәлелдеп жүр
Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Алматыдағы хет-триктен кейін Мбаппе Чемпиондар лигасында аптаның үздік ойыншысы атануы мүмкін
ФОТО: Getty Images

УЕФА-ның ресми сайты Чемпиондар лигасында аптаның үздік ойыншысы атағына үміткер футболшылардың тізімін жариялады.

Өткен аптада, дәлірек айтқанда 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері, ЛЧ топтық кезеңінің екінші тур ойындары өтті.

Үздік атағына үміткерлер қатарында Килиан Мбаппе («Реал Мадрид»), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Расмус Хёйлунд («Наполи») және Йенс Петтер Хауге («Буде-Глимт») бар.

Үздікті жанкүйерлер УЕФА-ның ресми сайтында дауыс беру арқылы анықтайды.

Мбаппе Алматыда өткен Чемпиондар лигасының «Қайратқа» қарсы матчында хет-трик жасап, мадридтік ұжым сырт алаңда 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie