Қазақстандағы ең үздік трамплиннен секіруші Данил Васильев – «Қайрат» - «Реал» матчы мен Германиядағы күміс туралы
Қазақстандағы ең үздік трамплиннен секіруші, алматылық Данил Васильев эксклюзивті сұхбатында Sports24.kz порталына Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» - «Реал» (0:5) кездесуінен алған әсерімен бөлісіп, қазақстандық команданың еурокубоктағы өнері туралы сұрақтарға жауап беріп, сонымен қатар Хинтерцартенде (Германия) өткен FIS Кубогы кезеңінде жеңіп алған күміс медалін де бағалады.
- Данил, Алматы – сіздің туған қалаңыз! «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасында ойнауда! Алматылық команданы бақылап жүрсіз бе? Алғашқы матчтардан қандай әсер алдыңыз? Алғашқы кездесуде «Спортинг» «Қайратты» 4:1 есебімен жеңді. Қазақстандық команда Чемпиондар лигасында алғаш рет гол соқты! Одан кейін Алматыда алғаш рет ең беделді еурокубок кезеңінің ойыны өтті, онда «Қайрат» «Реалдан» (0:5) жеңілді, бірақ ойында намысты көрсетті және гол соғуға мүмкіндігі болды!
- Мен барлық матчтарды көрмеймін, бірақ осындай қызықты кездесулерді міндетті түрде қараймын. «Қайраттың» Чемпиондар лигасына шыққаны – бұл өте керемет. Мен қуандым. Иә, олар жеңілді, бірақ әр ойында өсіп, дамып келеді. Болашақта ірі кездесулерде жеңістер көреміз деп үміттенемін.

- «Қайрат» - «Реал» матчын қайда және қалай тамашаладыңыз?
- Қазіргі таңда мен Польшаның секіру жиынындамын. Бүкіл командамен бірге көріп, өз командамызға жанкүйер болдық.
- Достарыңыз немесе жақындарыңыздың арасында матчқа барғандар болды ма?
- Өкінішке қарай, ешкім бара алмады.


- Жалпы, Алматы командасының Чемпиондар лигасында, оның үстіне «Реалға» қарсы ойнағанына қуаныштысыз ба?
- Біздің команда осындай деңгейге шыққаны – бұл нағыз супер! Мен қатты қуандым.

- Чемпиондар лигасындағы «Қайраттың» үйдегі немесе сырттағы матчына бару жоспарыңыз бар ма?
- Мен қуана-қуана баратын едім, бірақ уақытым жоқ. Биыл біз Олимпиада ойындарына дайындалып жатырмыз.
- Хинтерцартенде (Германия) өткен FIS кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алдыңыз! Бұл медаль қаншалықты маңызды және қандай сезімде болдыңыз?
- Әрине, тұғырға көтеріліп, бәрі мүмкін екенін түсіну – өте керемет сезім!
- 2024 жылы сіз Закопанеде (Польша) FIS кубогының ересектер арасындағы ірі трамплинде «алтын» алдыңыз. Сондай-ақ, қысқы Универсиадада «алтын» және Польшадағы Grand Prix кезеңінде (Висла) «күміс» алдыңыз. Енді міне, Германиядағы жетістік! Бұл нәтижелерді қалай бағалайсыз? Осындай ілгерілеуге қуаныштысыз ба?
- Бұл жетістіктер – өзіммен үздіксіз жұмыс істеудің нәтижесі және мен өте қуаныштымын. Біз дұрыс жолдамыз, әрі қарай да дамып, одан да жақсы нәтижеге жетуге тырысамыз.
- Ең жақын жоспарларыңыз қандай? Қайда өнер көрсетесіз және жаңа медальдарды қашан күтеміз?
- Жоспар – қыс маусымына дайындалу, әрі қарай дамып, жаңа медальдар жеңіп алу!