locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Спартак» аңызы: Каррера – Қазақстан құрамасына лайықты таңдау

Италиялық бапкер туралы сарапшы пікірі
«Спартак» аңызы: Каррера – Қазақстан құрамасына лайықты таңдау
ФОТО: Getty Images

«Спартактың» бұрынғы қорғаушысы Андрей Ещенко Sports24.kz порталына берген сұхбатында Массимо Каррераның Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері лауазымына тағайындалуы мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

«Каррера әлі ұлттық құраманы басқарған жоқ, сондықтан бұл – ол үшін жаңа сынақ. Оны Қазақстан үшін жақсы маман деп есептеймін, өйткені ол бірнеше трофей жеңіп алды және Контеға көмектесті», – деді ресейлік футболшы.

Еске сала кетейік, 61 жастағы маман «Спартакпен» бірге Ресей чемпионы және Суперкубогының иегері атанған. Сондай-ақ, ол Антонио Контеға «Ювентус» пен Италия құрамасында ассистент болды.

Каррераның соңғы клубы – былтыр күзде кеткен «Асколи» болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie