«Ливерпуль» Слоттың мұрагерімен келісімшартқа отырды
Испаниялық маман Андони Ираола «Ливерпульмен» келісімшартқа қол қойып, клубтың бас бапкері атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл туралы журналист әрі инсайдер Фабрицио Романо жазады.
Дереккөздің мәліметінше, келісім аяқталды, ал ресми жариялау жақын арада болады.
Бұған дейін испаниялық маманның екі жылға есептелген келісімшартқа қол қоятыны хабарланған еді. 30 мамырда «Ливерпуль» Арне Слоттың бас бапкер қызметінен кететінін жариялады.
43 жастағы Ираола бапкерлік мансабын Кипрдің Ларнака қаласындағы АЕК клубында бастады, алайда ол жерде бар болғаны жарты жыл жұмыс істеді. Кейін «Мирандес» клубында бір жыл еңбек етіп, бұл оның мансабындағы екі ұзақ мерзімді жұмыстың біріне айналды.
2020 жылы ол «Райо Вальеканоны» тізгіндеп, мадридтік команданы Сегундадан Примераға шығарып, қатарынан екі жыл оларды 12-орынға жеткізді. 2023 жылдың жазында Ираола «Борнмут» тізгінін алды, ал оның жұмысы 2025/2026 маусымының қорытындысы бойынша «шиелердің» алтыншы орынға көтерілуімен есте қалды, бұл олардың алғаш рет еурокубоктарға жолдама алғанын білдіреді.