2026 жылғы әлем чемпионатына қанша ойыншыны топ-клубтар жіберді
2026 жылғы әлем чемпионатына ең көп ойыншыны «Манчестер Сити» клубы жібереді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ағылшын Премьер-лигасының өкілі бұл жаһандық додаға 19 футболшысын аттандырады – бұл ең үздік көрсеткіш.
Тізімде екінші орында – «Бавария». Бұл клубтан мундиальға 18 ойыншы барады.
«Арсенал» мен «ПСЖ» мундиальға 16 ойыншыдан аттандырады. Лондондықтардың сапында Дьокереш, Тимбер, Троссар, Хаверц, Эдегор, Инкапье, Салиба, Магальяес, Мартинелли, Сака, Райс, Эзе, Мадуэке, Мерино, Субименди, Райя бар. Париждік команданың тізімінде Маркиньос, Хакими, Пачо, Айари, Ли Кан-и, Мбайе, Фабиан Руис, Рамуш, Витинья, Невеш, Мендеш, Дембеле, Барколя, Эрнандес, Заир-Эмери, Дуэ.
«Барселона» – 15 ойыншы. Оның ішінде Каталония ұжымының сегіз бірдей жас таланты Испания құрамасына шақырту алды.
Айта кету керек, жақында ғана «Барселона» сапына Энтони Гордон қосылды, ол Англия құрамасын таныстырады.
Жалпы тізім: Ольмо, Гарсия, Торрес, Гави, Жоан Гарсия, Ямаль, Кубарси, Педри, Араухо, Кунде, Рафинья, Абделькарим, Канселу, де Йонг, Гордон.
«Манчестер Юнайтед» мундиальға 13 футболшысын жібереді.
«Атлетико» сапынан 12 ойыншы әлем чемпионатына барады.
2026 жылғы әлем чемпионатына барлығы 48 құрама қатысады, оларда жалпы 1248 футболшы шақырту алды.
Чемпионат АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.