locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайраттың» баспасөз хатшысы Уразбахтин мен Алонсоның әңгімесінің видеосын жариялады. Не жайлы сөйлесті?

Бапкерлер жылы лебіздерімен алмасты
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Қайраттың» баспасөз хатшысы Уразбахтин мен Алонсоның әңгімесінің видеосын жариялады. Не жайлы сөйлесті?
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдан» жеңілгеніне қарамастан, «Қайрат» үшін бұл матчта да оң тұстар табылды. Ойыннан кейін алматылық команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «корольдік клубтың» тізгінін ұстаған Хаби Алонсоға жылы лебізін білдірді.

Осы кездесуден кейінгі бапкерлер әңгімесінің видеосын «Қайраттың» баспасөз хатшысы Арман Жақсығұлов көпшілікке ұсынды. Алонсо өзіне айтылған жылы сөздер үшін Уразбахтинге алғыс білдірді, ал қазақстандық маман «Реалдың» жаттығу процесіне деген құрметін жеткізді. Өйткені, дәл осы жаттығу — футболдың басты құндылығы.

Бұған дейін мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе «Қайрат» қақпасына хет-трик жасап, Чемпиондар лигасының аптаның үздік ойыншысы атағына ие болған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie